Тимофеев ауылының тұрғыны Әмина Кірмаева мен әулиекөлдік Риза Әбішева «Наурызнама» онкүндігі аясында Ұлттық киім күніне орай Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған «Бұрымды қыз-2026» сұлулық байқауын жеңіп алды.
«Kazakh Style» марафоны – ұлттық стильді насихаттаудың жарқын үлгісі
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика кафедрасында «Kazakh Style» атты ерекше марафон басталды. Аталған шараның басты мақсаты – қазақ халқының ұлттық мәдениетін дәріптеу, студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру және ұлттық киім элементтерін заманауи стильмен үйлестіру.
Форум-фестиваль: ұлттық құндылықтар Ата заң қорғауында
Қостанайда Наурызнама онкүндігі сән-салтанатымен жалғасып жатыр. 18 наурызда Ұлттық киім күніне орай форум-фестиваль өтті.
Ұлттық киім ұлықталған этносағат
Ұлық мереке Наурыздың қарсаңында Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап кітапханасында «Ұлт рухы – ұлттық киімде» атты тағылымы мол этносағат өтті.
Наурыз бен жасанды интеллекттің ғажайып үндестігі
Қостанай қаласындағы №28 мектеп-гимназиясында Наурыз мейрамы биыл ерекше өтті. Мектептің есік алдына киіз үй тігіліп, барлық оқушылар мен ұстаздар және ата-аналар Ұлыстың ұлы күнін думандатты.
Асыл әжелер үлгі көрсетіп, жүреккке жылу сыйлады
Амангелді аудандық мәдениет үйінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай ерекше мазмұнға толы, тағылымы терең «Асыл әжем» атты аудандық байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтті. Ұлттық құндылықтарды ұлықтап, кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық шара көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Амангелдідегі наурыз тойы
Амангелді ауданында «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты кең ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Сарыкөлде тұңғыш рет «Бастаңғы» дәстүрі дәріптелді
Аудандық мәдениет үйінің VIP залында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған «Бастаңғы – береке бастауы» атты мазмұнды мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Батагөйлер бәйгесі мәреге жетті
Меңдіқараның Қаратал ауылының тумасы Сапаржан Қабдыбекұлы халқымыздың бата беру салтын рухани тәрбие құралы деп есептейді. 87 жасқа аяқ басқан ақсақал ағайын-туыс басқосқан жерде бата беріп, жастарға тілекші болып отырады.
«Шаңырақ күні» неке куәлігін алды
Елімізде кеңінен аталып өтіп жатқан «Наурызнама» онкүндігінің «Шаңырақ күні» Қостанайда жас жұбайлар не қию туралы куәліктерін алды. Жас отбасына осындай мереке сыйлап, олардың қуанышына себепші болған Қостанай облысының Ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және мұрағаттар басқармасы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері.
