Атымтаева Алма Ансағанқызы

Лауазымы: Жауапты хатшының орынбасары

Жұмыс телефоны: 54-33-22

Қостанай қаласының тумасы. Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы қазақ орта мектеп-интернатының түлегі. (1983 ж.).

1988 жылы Қостанай педагогикалық институтының филология факультетін бітіріп, сол жылы № 9 орта мектебінде қазақ тілінің мұғалімі болып жұмыс істеді.

1989 жылдың қараша айынан «Қостанай таңы» газетінде корректор қызметін атқарып, ал 1994 жылдан бастап осы газетте жауапты хатшының орынбасары болып жұмыс істейді.

Облыс әкімінің құрмет грамотасымен, облыстық журналистер одағы сыйлығымен марапатталған.