Ел дамуының жаңа кезеңінде қоғамдық келісімді нығайту, азаматтардың үнін есту және өңірлердің әлеуетін арттыру айрықша маңызға ие. Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – Қазақстан Халық Кеңесінің құрылуы. Астанада өткен алғашқы сессияда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа институттың алдағы жұмыс бағдарын айқындап, оның елдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөліне ерекше тоқталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халық Кеңесі қоғамға ұйытқы болуға тиіс»
Қадірлі отандастар! Құрметті Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері! Еліміздің ең жоғары консультативтік мекемесі – Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясының ашылуы баршаңызға құтты болсын!
Еңбек қауіпсіздігі мен өңірлердегі лайықты өмір: «Әділет» партиясы Қостанай облысында бірқатар кездесу өткізді
«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Қостанай облысындағы еңбек ұжымдарымен кездесті. Атап айтқанда, Құрылтай депутаттығына кандидаттар Қостанай қаласындағы «KIA Qazaqstan» және «Милх» зауыттарына, сондай-ақ, Рудныйдағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі мен «Қазогнеупор 2015» компанияларына барды.
Халық не күтеді, «Ақ жол» не ұсынады?
«Ақ жол» деморкатиялық партиясынан Қостанай облысы бойынша Құрылтай депутаттығына екі кандидат – Александра Сергазинова мен Махаббат Жутаев ұсынылды. Облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылым депутаттары арасынан өңірімізден ұсынылған кандидаттар тізіміне енгізілген тек екеуі ғана. Екі үміткерге сауалдар қойып, ұстанымдарын, қандай мәселелермен етене таныс екенін, партияның атқарған жұмыстары жөнінде білдік.
Құрылтай-2026: теледебаттан кейін партиялар өңірлерге қайта оралды
Дауыс беру күні жақындаған сайын партиялар өңірлердегі сайлауалды жұмысын жалғастырып жатыр. Науқан аясында жергілікті мәселеге ойысып, әр өңірдің өзекті түйткілдері алдыңғы қатарға шығады. Бір жерде – жұмыспен қамту, енді бірінде – экология, өнеркәсіп, әлеуметтік инфрақұрылым немесе ауылды дамыту мәселесі көтеріледі.
Ауылдағы интернет, жол және су мәселесі: «Әділет» партиясының өкілдері Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті
Қостанай облысының бес ауданында Ұзынкөл, Меңдіқара, Алтынсарин, Әулиекөл және Қарасу аудандарында «Әділетті Қазақстан үшін» жобасы аясында мобильді керуеннің кездесулері өтті.
Құрылтай-2026: кәсіпорындар сайлауалды бәсекенің жаңа алаңына айналды
Құрылтай сайлауына дейін күн жақындаған сайын сайлауалды науқан да ұраннан гөрі нақты ұсыныстарға көбірек сүйене бастады. Кеше партиялар пікірталасты телеэфирден қоғамның нақты сұранысы қалыптасатын орындарға – өндіріс орындарына, әлеуметтік мекемелерге және өңірлік жұмыспен қамту орталықтарына алып шықты. Ал бағдарламалар мазмұнды әрі нақтылана түскен сайын, партиялар арасындағы пікірталас та жалпы ұрандардан гөрі қарсыластары ұсынған нақты бастамалар […]
Құрылтай қандай өкілеттікке ие болады? Қазақстанның жаңа саяси жүйесіндегі маңызды өзгерістер
Биыл елде жаңа өкілді орган – Құрылтайдың жұмысы басталады. Оның өкілеттігі заң шығару үдерісінен бастап, бюджет пен әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға дейінгі ауқымды мәселелерді қамтиды.
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Жеребе, Әдеп хартиясы және баршаға ортақ ашық микрофон – аптаның басты саяси кеші дәл осындай форматта өтті. Сайлауалды науқан партиялардың сайлауалды бағдарламалары тікелей эфирде сынға түсетін жаңа кезеңге қадам басты. Кеше «Qazaqstan» телеарнасында Құрылтай депутаттығына үміткер жеті саяси партияның қатысуымен ұлттық дебат өтті.
«Құрылтайға кімнің өткені емес, елге не беретіні маңызды»
Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа кезең Құрылтай сайлауымен жалғаспақ. Осы өзгерістен қоғам не күтеді? Депутаттар халықтың талап-тілегін қаншалықты ескере алады? Сайлаушының белсенділігі және сайлаудан кейін халық өздері таңдаған депутаттарынан нені талап етуі керек? Осы және өзге де маңызды сауалдар төңірегінде V және VI шақырылымдағы Сенат депутаты, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Бектұрғанов ой-пікірін бөлісті.
