Амангелді ауданында күйші-композитор Айтбай Мұздахановтың 85 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтіп, ұлттық өнерге тағзым еткен тағылымды кеш өтті.
Кеңшілік кеші: мерейтойға орай Мемлекет басшысы құттықтау жолдады
Бүгін Қостанайда қазақтың құдіретті ақыны Кеңшілік Мырзабектің 80 жылдығына арналған «Іңкәр дүние» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Нәзия Жоямерген: «Ортақ мұрамыз – тарихымыз бен тілімізде»
Түркияның Стамбул қаласында басталған VII Халықаралық түркітілдес журналистер медиафорумының ашылу салтанатында Қазақстандағы Түркітілдес журналистер қорының президенті Нәзия Жоямерген құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның шымылдығын ашты.
Ұлт мұрасына құрмет: тазы төрге шыққан күн
Күнтізбеде ұлттық ит тұқымдарына арналған жаңа мереке пайда болды. 3 қыркүйек – Қазақ тазысы мен төбеті күні. Осыған орай Қостанайда мәдени іс-шара өтті. Жиылған жұрт танымал тележурналист Гүлжібек Бекмұхамедованың қастерлі жануар туралы деректі фильмін тамашалады. Араға арнайы әкелінген тазымен жақын танысты.
Агрофестиваль: киіз үйлер қалашығы – руханият насихаты
Қостанайда бүгін бастау алған агрофестивальдің мәдени бағдарламасы да мазмұнды. Өңірдің барлық аудан-қаласы Қостанай облысының 90 жылдығына арналған этноауыл тікті.
Ыбырай Алтынсарин жатқан қорым бейнеленген картографиялық құжат табылды
Ыбырай Алтынсарин музейінің ғылыми-зерттеу қызметі ХІХ ғасырдағы көрнекті қазақ ағартушысы, педагог және қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің тарихи-мәдени мұрасын зерделеу мен сақтаудағы маңызды бағыты.
Елімізде жас оқырмандарға арналған кітап қоры 7 миллионнан асты
Балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру – Қазақстанның мәдени, білім беру және ақпараттық саясатындағы басым бағыттардың бірі.
Тобыл қаласында қос мерекеге арналған концерт өтті
Қала орталығындағы Жаңару саябағында Ұлттық домбыра күні және Астана күні аталып өтті. Тұрғындар назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.
Зайырлылық – Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің негізі
Қазақстан зайырлы мемлекет саналады және бұл қағида ел Конституциясында бекітілген. Зайырлылық қоғамның тұрақтылығын, азаматтардың теңдігін және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
Темір тұлпар, төсбелгі, талантқа тағзым… Тобыл төрінде Серік ақынның мерейтойы өтті
Бүгін Қостанайда көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлының 80 жылдығына арналған кеш өтті.
