Кеңшілік кеші: мерейтойға орай Мемлекет басшысы құттықтау жолдады

Кеңшілік кеші: мерейтойға орай Мемлекет басшысы құттықтау жолдады

Бүгін Қостанайда қазақтың құдіретті ақыны Кеңшілік Мырзабектің 80 жылдығына арналған «Іңкәр дүние» атты әдеби-сазды кеш өтті.

Өлең өнерінің өрнегі бөлек көрнекті өкілі Кеңшілік Ағытайұлы – ұлт поэзиясына тыңнан түрен салып, өз мектебін қалыптастырған санаулы дарын санатынан. Оның саф поэзиясы мөлдіреп жүректен шығып, елжіреп жүрекке жетіп, қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алды. Сондықтан ақын ғұмыры келте болса да шығармалары халқымен бірге жасасып келеді.blankblankblankblankblankblank Бүгінгі кеш – тасқын жырлы ақынның туған жерінен басталған мерейтойлық іс-шаралардың салмақты түйіні. Бұл – бір ақынды еске алу ғана емес, әдебиет пен руханиятқа көрсетілген зор құрмет.blankblankblankblankІс-шараға Алматы, Астана шаһарларынан құрметті меймандар арнайы келіп қатысты. Олардың қатарында ҚР Президентінің кеңесшісі  Мәлік Отарбаев, алаштың ардакүрең ақыны Ғалым Жайлыбай, жазушы Нұрғали Ораз, Мұқағали» журналының бас редактор Дүйсен Мағлұмов, ақын Қадірбек Құныпияұлы бастаған тұлғалар бар. Алғашқы сөз Мәлік Отарбаевқа беріліп, ол Мемлекет басшысының құттықтауын жеткізді.blank

«Бүгінгі шығармашылық кешке үлкен миссиямен келіп отырмын. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының құттықтауын оқып беруге рұқсат етіңіздер: «Қаділді қауым, сіздерді көрнекті ақын, қарымды қаламгер Кеңшілік Мырзабектің 80 жылдығына арналған әдеби кештің ашылуымен құттықтаймын. Кеңшілік Мырзабек – қазақ поэзиясына айырықша қолтаңбасымен келіп, төл әдебиетімізді дамытуға елеулі үлес қосқан дарынды тұлға. Оның сыршыл жырланыда туған жерге сүйіспеншілік, ел тағдырына деген жауапкершілік және адам болмысының терең иірімдері шебер суреттелді. Ақынның азаматтық үні мен көркемдік ізденісі ұлттық сөз өнерінің өрісін кеңейтті. Тағылымды мұрасы халқымыздың руханиятына қосылған құнды қазына. Ақынның шығармаларын жинақтау, жан-жақты зерттеу баршамыздың ортақ міндетіміз. Сөз зергерінің есімі ел жадында сақталып, шоқтығы биік шығармалары халқымен бірге жасай беретініне сенімдімін», – делінеді құттықтауда», – деді Мәлік Отарбаев.

Президент кеңесшісі құттықтау хатты ақынның баласы, белгілі әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлына табыс етті. blankТағзым кешінің кезекті лебіз сөзін өңір басшысы Құмар Ақсақалов жалғап, рухани іс-шараның мән-маңызына тоқталды.blank

«Тобыл-Торғай өңірінен шыққан талантты тұлғалар аз емес. Кеңшілік Ағытайұлы қазақ әдебиетінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған, шығармашылық ғұмыры ізденіске толы қаламгер болатын. Соңында оқырман сүйіп оқитын жыр мұрасы қалды. Поэзия әлемінде туған жерді, елдің тарихын, адамның жанын терең жырлап өтті. Жерлесіміз журналистика саласына зор үлес қосты. Аударма еңбектері әдебиетімізге жаңа серпін әкелді. Ақынның туған жерден бастау алған рухани мерейтойы бүгін Қостанай төрінде жалғасып жатыр. Бүгінгі кеш тұлғаның өнегелі өмірі мен шығармашылығын ұлықтап, оны кейінгі буынға жеткізер тағылымды іс-шара боларына сенімдімін», – деді облыс әкімі.

blankОл кешке арнайы келген меймандарға ризашылығын жеткізіп, Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың ортадан табылуы іс-шараның мән-маңызын арттыра түскенін айтты. Осыдан соң Ғалым Жайлыбай бастаған  елге танымал қаламгерлер сахна төріне көтеріліп, Кеңшілік туралы кең көсілеп сөйлеп, қызықты естеліктер айтып, арнау өлеңдерін оқыды.blank

«Сіздердің топырақта, киелі Торғайда туған ақын-жазушылар – қазақ әдебиетінің алып тұлғалары. Кеңшілік ағамыздың 60, 70 жылдығында үлкен баяндамалар жасаған, соңына ерген, сол мектепке түлек болған, содан тәрбие алған інілерінің біріміз. Кеңшілік – ұлттың ақыны. Үлкен ақын. 45 жасқа жетер-жетпес ғұмырында осындай биікке көретілді. Кез келген өлеңін оқысаңыз, жаның жайлауына қонғандай, айдының шайқалғандай керемет әсер аласың. Бала күнімізде әр жырын жатқа оқитынбыз. Ол «Иман Жүсіп», «Қоянды жәрмеңкесі», «Біржан сал», «Сарытерек сағынышы» секілді соңына үлкен поэмалар қалдырды. Сондықтан ұлы ақынды жиі-жиі еске алып тұру керек деп ойлаймын. Қостанайда келешекте Кеңшілік атында бір көше тұрса немесе бір мектепке аты берілген болса біз қатты қуанар едік. Жалпы, бүгінгі кешке қатысып отырғаныма ерекше қуаныштымын», – деді ақын Ғалым Жайлыбай.

Өмірдегі, өнердегі серігіндей болған танымал ақын Серікбай Оспанұлы да Кеңшілік жайында көпшілікке мәлім де беймәлім, қызықты естеліктер айтып, өлеңдерін оқыды. Көрнекті ақынның ұлы, белгілі әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлы ағайын алдына шығып, алғаусыз алғысын айтты.blankblank

«Биыл әкемнің 80 жылдығы жоғары деңгейде өтіп жатыр. Ол үшін алдымен Президентімізге зор ризашылығымды білдіремін. Қасым-Жомарт Кемелұлы әкемнің 50, 60, 70 жылдығында құттықтауын жолдаған еді. Бүгін де үлкен ілтипатын білдіргеніне разымын. Торғайға байланысты үлкен жұмыстар жасап жатыр. Әкемнің 80 жылдығы осындай игіліктермен сәйкес келгенін жақсылық нышанына баладым. Құмар Іргебайұлына да алғысым зор. Торғайды, Арқалықты көтеруге сіңіріп жатқан еңбегі ерекше. Биыл шын мәнінде де торғайға айналып аспанға ұшып кете жаздадық – Арқалық әуежайы ашылды. Ізгі жұмыстарға көз қуанып, көңіл тояды. Кешке жиналған барша жұртқа басымды иемін», – деп тебіренді Амангелді Кеңшілікұлы.

blankКеште арынды ақынның жалынды жырлары асқақтады. І.Омаров атындағы қазақ драма театрының әртістері де, биыл Торғайда өткен «Кеңшілік оқулары» байқауының жүлдегер оқушылары да сұңғыланың сұлу өлеңдерін нәшіне келтіре оқып, көпшіліктің көңілін толқытты. Ақынның сөзіне жазылған «Ғашықтық – азап»,  «Телефоннан тіл қатшы маған» секілді әуезді әндер әуеледі.blankblankblankblankblankblankblankblank

Айта кетейік, Кеңшілік Мырзабек 1946 жылы Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылында дүниеге келген. 42 жыл ғұмыр кешкен қаламгер артына көл-көсір мұра қалдырды. «Іңкәр дүние», «Дүбірлі дәурен», «Сәруар», «Балалық шақ балладалары», «Дәуір – дастан», «Бір мысқал» атты жыр жинақтары оқырманға кеңінен танылды. «Балалық шақ балладалары» жинағы үшін ақын 1987 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.blank

«Туған жер, саған қаталап,

Кім қалай сүйсе, өз еркі.

Мендегі сендік махаббат –

Жанардың нұры, көз өрті», – деп жырлаған ақынның өлеңі туған жерімен, халқымен, қазағымен мәңгі жасай бермек.blankblank

Толығырақ – газеттің алдағы санында.

Ж.Жүсіпбек

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ