Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Qumar Aqsaqalov VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз күресінен күміс жүлде иеленген жерлесіміз Алмас Жұмағалиді құттықтады.
«АЛТЫН МИКРОФОН–2026»: Гран При Қостанай еншісінде!
Қостанайда 22-ші жыл қатарынан өтіп отырған халықаралық ән байқауында дарынды жерлесіміз Ясмин Аюпова Бас жүлде иегері атанды.
Сүйінші! Арқалықтық оқушылар Халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды
Астанада өтіп жатқан Халықаралык көп жанрлы «Unistar Astana» байқауында «Бейнелеу онері» номинациясы бойынша Арқалық қаласындағы Кейкі батыр атындағы жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Мария Дмитрова «Ұлы дала, Қазақ елі» кескіндеме жанрынан Гран- Примен марапатталды. М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушысы Нұрислам Табылды алграфика жанрынан Гран -Приға қол жеткізді.
Жас өрен республикалық айтыстан жүлделі оралды
Торғайлық жас ақын Ниязбек Таңжарық тағы да туған өлкенің мерейін үстем етті. Ол кезекті рет Алматы облысының Райымбек ауданында көрнекті айтыскер ақын Оразалы Досбосыновтың құрметіне арналған «Құлманбеттің құлынын құндақтаған өлке» республикалық оқушылар айтысынан жүлделі оралды.
Темір тұлпар, төсбелгі, талантқа тағзым… Тобыл төрінде Серік ақынның мерейтойы өтті
Бүгін Қостанайда көрнекті ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбекұлының 80 жылдығына арналған кеш өтті.
Қостанайлық студент республикалық байқау жеңімпазы атанды
Бүгінгі таңда мемлекетіміздің басты құндылықтарының бірі – білімді, бәсекеге қабілетті және отаншыл жастар буынын қалыптастыру. Осы орайда жас дарындардың жаңа бастамаларына қолдау көрсету, олардың шығармашылық әрі интеллектуалдық әлеуетін арттыру мақсатында елімізде ауқымды шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Еуразиялық банк Рудный балалар үйіне қолдау көрсетті
Еуразиялық банк Рудный қаласындағы балалар үйіне демеушілік көмек көрсетіп, мекемеге түрлі-түсті лазерлік принтер сыйға тартты. Жаңа техника қызметкерлерге оқу материалдарын дайындауға, құжаттарды рәсімдеуге, сондай-ақ тәрбиеленушілерге арналған шығармашылық және білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Өмірін ұлт мүддесіне арнаған азамат
Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада философия ғылымдарының кандидаты, этнограф, қоғам қайраткері Қалқаман Жақыптың 80 жылдық мерейтойына арналған «Өмірін ұлт мүддесіне арнаған азамат» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
Түлектер мектеппен қоштаса отырып, қаланы жасылдандыруға үлес қосты
Бүгін Қостанайдағы Сырбай Мәуленов атындағы гимназияда өткен соңғы қоңырау салтанаты тек дәстүрлі вальспен ғана емес, ауқымды экологиялық трендпен ерекшеленді. Биыл алғаш рет «Білімім – Отаныма!» жиыны аясында мектеп бітірушілер 1-сынып оқушыларымен бірлесіп, білім ордасының ауласына «Түлек ағашын» отырғызды.
«Тұлпар мініп, ту алған»: жеңімпазға – жолдама, тәлімгерге – темір тұлпар!
Ақжолтай жоба аясындағы «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқу сайысы мәреге жетіп, жеңімпаз бен жүлдегерлер марапатталды.
