АЛДИЯР УЛЫЖБАЕВ – «AGROLEAGUE-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ!

АЛДИЯР УЛЫЖБАЕВ – «AGROLEAGUE-2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ!

Қостанай облысының намысын қорғаған Аулиекөл колледжінің студенті халықаралық деңгейдегі додада топ жарды!

Сүйінші! Тараз қаласында ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығы бойынша өткен «AgroLeague-2026» республикалық байқауында Аулиекөл ауыл шаруашылығы колледжінің студенті Алдияр Улыжбаев І орын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді!

Бұл – Аулиекөл колледжі үшін ғана емес, тұтас Қостанай облысы үшін зор жетістік әрі үлкен мақтаныш.

Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерімен қатар Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысып, кәсіби шеберліктерін сарапқа салды. Осындай ауқымды додада қарсыластарынан оза шауып, үздік атану – Алдиярдың білімі мен біліктілігінің, табандылығы мен ізденісінің жемісі.