Қостанай облысының қалалары мен аудандарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекеттік мереке қарсаңында елді мекендердегі LED-экрандарда, сондай-ақ техника дүкендерінде Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған тақырыптық бейнероликтер мен құттықтау материалдары көрсетіле бастады.
Мерекелік безендірулер арқылы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихи белестері мен егемендіктің маңызын кеңінен насихаттау, тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлау көзделген.

Айта кетейік, 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні атап өтіледі. Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 35 жыл толады.
