Енді ChatGPT моделінің қазақ тілінде терең әрі сауатты жұмыс істеуі үшін 14 миллиардтан астам токенді қамтитын мәтін қоры мен 12 мың сағаттық аудиодерек пайдаланылмақ.
Басты мақсатымызға жету үшін бізге сапасы жоғары, цифрланған ауқымды ашық деректер қоры, ол деректі өңдеу құралдары мен бағалау өлшемдері қажет. Осы жұмыстар орындалған жағдайда, келесі технологиялық кезеңге дайындай аламыз, – деді «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Рауан Кенжеханұлы.
