Енді ChatGPT моделінің қазақ тілінде терең әрі сауатты жұмыс істеуі үшін 14 миллиардтан астам токенді қамтитын мәтін қоры мен 12 мың сағаттық аудиодерек пайдаланылмақ.
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс форматы өзгеріп жатыр
Тұрғындар қызметтерді eGov GPT цифрлық көмекшісі орнатылған терминалдар арқылы өз бетінше ала алады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
Қостанайлық дәрігер $100 мың үшін бақ сынайды: EpiQ AI ұлттық финалға жолдама алды
Қостанайлық дәрігер әрі EpiQ AI жобасының авторы Диана Майлыханова еліміздің үздік стартаптары бас қосатын Astana Hub Battle ұлттық финалында өңір намысын қорғайды. Байқаудың басты жүлдесі — 100 мың АҚШ доллары.
Роботтар цехқа кірді: Қостанай өндірісіндегі технологиялық төңкеріс
Қостанай облысының зауыттарында енді өндіріс тек адамның қолына қарап тұрған жоқ. Бүгінде өңірдің ірі кәсіпорындарында кемінде 153 өнеркәсіптік робот пен роботтандырылған кешен жұмыс істейді. Олар көлік құрастырып, кузов дәнекерлеп, бояу жағып, бөлшектерді тасымалдап, күрделі технологиялық операцияларды адамның орнына дәлдікпен орындап жүр. Бұл – Қостанай өндірісінің жаңа дәуірге аяқ басқанының айқын белгісі.
Қазақстан ғарыштағы спутник тобын 14 аппаратқа дейін ұлғайтпақ
Астанада өтіп жатқан Space Days Kazakhstan 2026 халықаралық форумында Қазақстанның ғарыш саласындағы жаңа жоспарлары жарияланды.
ЖИ жылыту маусымына көмір жеткізуді бақылайды
Энергетика министрлігі алдағы жылыту маусымына халықты және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету бойынша кешенді жұмыстар жүргізуде. Көмір жеткізілімдерін үйлестіру үшін Республикалық штаб жұмыс істейді, ал отын қозғалысын бақылау жасанды интеллект элементтері мен предиктивті талдау құралдары енгізілген Бірыңғай цифрлық платформа арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.
Үкімет жаңа KazSat-3R құруға 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлді
Үкімет резервінен KazSat-3R ғарыштық байланыс жүйесін құру жобасын жүзеге асыруға 10,4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. KAZINFORM мәлім еткендей, жоба ұлттық спутниктік байланыс жүйесі мен телекоммуникация саласын дамытуға бағытталған.
Қазақстанда үш жаңа маркалы автомобильдер өндірісі іске қосылады
Қазақстанда шығарылатын көліктер желісі кеңейтіліп, автозауыттарда жасанды интеллект технологиялары белсенді енгізіле бастайды. Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Қытай Astana AI Film Festival фестивалінің ресми серіктесіне айналды
Қытайдағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен Бейжің қаласындағы Shougang паркінде Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) фестивалінің ресми таныстырылымы және AI-кино мен телевидение саласындағы Қазақстан -Қытай инновациялық алмасу форумы өтті.
Қазақстанда мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген «Жасанды интеллект Қазақстан үшін: негіздер, мүмкіндіктер және практикалық қадамдар» атты стратегиялық семинар өтті.
