Қазақстан ғарыштағы спутник тобын 14 аппаратқа дейін ұлғайтпақ

Қазақстан ғарыштағы спутник тобын 14 аппаратқа дейін ұлғайтпақ

Астанада өтіп жатқан Space Days Kazakhstan 2026 халықаралық форумында Қазақстанның ғарыш саласындағы жаңа жоспарлары жарияланды.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, 2030 жылға қарай Қазақстан бастаған халықаралық спутниктік топ құрылады.

Жоспар бойынша оның құрамында 9 спутник болмақ. Қазақстанның 6 ғарыш аппаратымен қатар, Моңғолия, Конго Республикасы және Нигерияның спутниктері де топқа енгізіледі. Сонымен қатар Қазақстан жаңа серіктестерді тартып, спутниктік топтаманы 14 аппаратқа дейін кеңейтуді көздеп отыр.

Министрдің сөзінше, бұл бастама ғарыштағы халықаралық ынтымақтастықты күшейтіп қана қоймай, спутниктік деректерді экономиканы дамытуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.