Қостанайда жас ұрпақ арасында адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған ашық кездесулер жалғасып жатыр.
Каникулды құр өткізбей: 12,6 мың жас жұмыс тапты
Жазғы каникул – оқушылар мен студенттер үшін тек демалып қана қоймай, жаңа тәжірибе жинап, еңбекке араласуға мүмкіндік беретін кезең. Биыл Қазақстанда «Менің жазғы каникулым» жобасы аясында 12,6 мыңнан астам оқушы мен студент жұмысқа орналасты.
Арқалықта «Жас сарбаз» сайысы өтті
Сайысқа қатысушылар тәртіп пен төзімділігін, ептілігі мен мергендігін, білімі мен әскери машығын сынға салды. Әр команда білім ордасының намысын абыроймен қорғап, жеңіске деген жігері мен командалық бірлігін көрсетті.
Арамшөпті санап, дәріні есептейтін жүйе: Қостанай жастары агросалаға жаңа технология ұсынып жатыр
Қостанайда бастау алған AgroTech Hackathon барысында жас әзірлеушілер нақты аграрлық салаға қажетті цифрлық шешімдер ұсынбақ.
«Əділет» партиясының жастары қарттарға көмек көрсетті
«Əділет» партиясының Жастар қанаты 7 қыркүйектен бастап еліміздің барлық өңірінде «Ардагерлерді ардақтайық» акциясын өткізіп жатыр. Волонтерлер ардагерлер мен жалғыз тұратын қарттарға күнделікті тұрмыста көмек көрсетеді.
Жүйрік ой, ұшқыр зерде: Қостанай жастары додада
Қостанайда жастардың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған «AQYL CUP» зияткерлік ойындар лигасы өтіп жатыр.
Резервтегі қызмет: Әскери даярлықтың жаңа форматы
Елімізде былтырдан бастап әскери қызметтің жаңа түрі, яғни резервтегі әскери қызмет пайда болды. Бұл өзгерістер «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңында бекітілген.
Құрылтай құрметіне: сарыкөлдік жастар флеш моб өткізді
Бүгін Сарыкөл ауданының жастары өздерінің белсенді азаматтық ұстанымын тағы бір мәрте көрсетті.
Арқалықта жастарға құрмет көрсетілді
Арқалықта қаланың қоғамдық өміріне белсене араласып, жастар саясатының дамуына және игі бастамалардың жүзеге асуына үлес қосып жүрген белсенді азаматтар мен ұжымдар марапатталды.
Жас инспекторлар: жылдамдық, дәлдік және жолдағы қауіпсіздік
Қостанайда жол қозғалысының жас инспекторларының XXI республикалық слеті аясындағы жарыстар жалғасып жатыр. Балалар лагерінде еліміздің әр өңірінен және ТМД елдерінен келген жас қатысушылар бас қосып, өзара тәжірибе алмасып, жол қауіпсіздігі бағытындағы білімдері мен шеберліктерін сынауда.
