ҚОСТАНАЙДА 230-ДАН АСТАМ САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚОСТАНАЙДА 230-ДАН АСТАМ САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Қостанай қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінде 230-дан астам жас сарбаз әскери ант қабылдады.

Салтанатты рәсімге жас сарбаздардың ата-аналары, туған-туыстары, достары мен жақындары арнайы келіп қатысты. Олар ұлдарының өміріндегі маңызды сәттің куәсі болып, әскери қызметке қадам басқан жас жауынгерлерге ақ тілектерін жеткізді.

Әскери ант қабылдау – әрбір азаматтың өміріндегі жауапты әрі маңызды кезең. Осы күні жас сарбаздар Отанға адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға салтанатты түрде ант берді.

Салтанатты шара барысында әскери бөлім басшылығы жас жауынгерлерді құттықтап, алдағы әскери қызметтеріне сәттілік тіледі. Сондай-ақ Отан алдындағы борышты абыроймен атқарудың маңыздылығына тоқталды.

blank blank blank

Бүгінде әскери ант қабылдаған сарбаздар Ұлттық ұлан қатарында қызмет етіп, әскери тәртіп пен жауынгерлік даярлықты меңгеруді жалғастырады.

ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметі