11 команда, бір жеңіс: Жангелдинде волейбол бәсекесі

11 команда, бір жеңіс: Жангелдинде волейбол бәсекесі

Жангелдин ауданында 15 қараша — Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы теңге күніне орай волейболдан аралас командалар арасында жарыс ұйымдастырылды.

Аудан орталығындағы заманауи үлгіде салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде көрініс тапқан жарысқа аудан мекемелері мен ұжымдарынан барлығы 11 команда қатысып бақтарын сынады.

Жарыстың «Жангелдин аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қолдауымен өткенін де еске сала кетейік. Салтанатты рәсімін аудан әкімінің орынбасары Гүлмира Ұзаққызы ашып, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ерлан Біржікен,спорт ардагері Жомарт Нұрғалиұлы құттықтау сөз сөйледі.

Аса тартысты әрі қызғылықты өткен жарыстың қорытындысына тоқталар болсақ,

blank blank blank blank

1 – ші орынды аудандық полиция бөлімі, 2-ші орынды аудандық әкімдік, 3 – ші орынды балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командалары еншіледі.

Номинациялар бойынша: «Үздік тосқауылшы»-Бекзат Нұрпейісов (аудандық әкімдік),

«Үздік шабуылшы» — Нұрболат Қашаубай (Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі),

«Үздік ойыншы» — Ерболат Дәуір (Аудандық полиция бөлімі) қанжығаларына байлады.

Жеңімпаз — жүлдегерлер грамота, медаль, кубок, сертификат және арнайы ақшалай сыйлықтармен марапатталды.