Өңір басшысы Құмар Ақсақалов өз құттықтауында өңір басшысы ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы маңызды рөлін, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және халықтың әл-ауқатын арттырудағы стратегиялық маңызын атап өтті.
“Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды тірегі, азық-түлік қауіпсіздігі мен халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ететін стратегиялық сала. Аймағымызда Мемлекет басшысы айқындаған 2028 жылға дейін ауыл шаруашылығы өнімдері көлемін екі есеге арттыру міндеті жүйелі орындалу да. Биыл аграрлық саланы дамытуға 323,4 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 56%-ке артық. Күзгі орақ науқанында 6 млн тоннадан астам астық жиналды. Өңірде мал шаруашылығы, әсіресе сүт өндірісі қарқынды дамып келеді. Шикізатты терең өңдеуге басымдық берілуде. Былтыр агроөнеркәсіп кешенінде 36 жоба іске асырылса, 2026–2028 жылдарға арналған 42 инвестициялық жобаның Жол картасы әзірленді. Бұл жетістіктер – сала еңбеккерлерінің табанды еңбегі мен кәсіби біліктілігінің нәтижесі. Баршаңызға адал еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, береке мен молшылық тілеймін. Өңіріміздің аграрлық әлеуеті артып, дастарханымыз әрдайым мол болсын! Мереке құтты болсын!” – деді Құмар Ақсақалов.
