Облыс әкімі 1993 жылғы 15 қарашада ұлттық валютамыз – теңгенің айналымға енгізілуі Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін нығайтудағы тарихи маңызды қадам болғанын атап өтті.
Сондай-ақ қаржы жүйесінің ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі айрықша рөліне тоқталып, Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қаржы саласы мамандарының қосып отырған үлесін ерекше атап өтті.
Өңірдің даму жоспарларын жүзеге асыру, жаңа өндірістерді іске қосу, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы қаржыгерлердің еңбегіне жоғары баға берді.
“1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізіліп, еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің берік негізі қаланды. Бүгінде қаржы жүйесі ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етуде айрықша рөл атқарады. Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне қаржы саласы мамандарының қосып отырған үлесі ерекше. Өңірдің даму жоспарларын жүзеге асыру, жаңа өндірістерді іске қосу, инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы еңбектеріңіз зор құрметке лайық. Баршаңызға толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Төл теңгеміздің тұғыры берік, еліміздің экономикасы өркенді, тәуелсіздігіміз баянды болсын!” – деді Құмар Ақсақалов.
Облыс әкімі сала мамандарына толағай табыс, мықты денсаулық, отбасыларына амандық пен бақ-береке тілеп, төл теңгеміздің тұғыры берік, еліміздің экономикасы өркенді, тәуелсіздігіміз баянды болуына тілектестік білдірді.
