Жерлесіміз Сапар Ысқақов – халықаралық деңгейдегі жоғары марапат иегері!

Жерлесіміз Сапар Ысқақов – халықаралық деңгейдегі жоғары марапат иегері!

Қостанай өңірінің мақтанышы, белгілі қоғам қайраткері, меценат, кәсіпкер әрі ұлт руханиятының жанашыры Сапар Ысқақов Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы – TÜRKSOY (ТҮРКСОЙ) ұйымының алтын медалімен марапатталды.

Бұл – тек бір азаматтың ғана емес, күллі қазақ елінің, туған жеріміздің мерейін асқақтатқан қуанышты жаңалық!

Сапар Ысқақовтың түркі халықтарының ортақ тарихын, мәдениеті мен рухани мұрасын насихаттауға, бабалар аманатын ұрпаққа жеткізуге қосып жүрген еңбегі ерекше құрметке лайық. Әсіресе, «Бабалар ізімен» экспедициясы арқылы тарихи таным мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қосқан үлесі зор.

Туған жердің атын шығарып, ел абыройын асқақтатып жүрген Сапар Ысқақұлына шын жүректен құттықтауымызды білдіреміз!