Амангелді аудандық орталық кітапханасында өшпес із, таусылмас ғибрат қалдырған, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған аяулы ұстаз, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озық қызметкері (1961), « Қазақ КСР мектептерінің еңбек сіңірген мұғалімі»(1969) төсбелгілерінің иесі, Амангелді ауданының тұңғыш жоғары білімді ұстазы және көп жылдар мектеп директоры болған Жұпар Қазанқапқызының туғанына 100 жыл толуына орай жарқын жүзін еске […]
Өмірді әзілмен өрген сатирик
Өмірдің өзінен оқиға тауып, күнделікті тіршіліктен кейіпкер жасап, қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды өткір әзілмен түйрей білген қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, сатирик-журналист Ғұмар Ғарифоллаұлы Ахметчиннің туғанына 85 жыл.
Біз үшеу едік
Біз үшеу едік… Дәл осылай аталатын белгілі жазушы Төлен Әбдіков ағамыздың драмалық шығармасы бар. Әрине, оның оқиғасы басқа. Менің айтпағым, бір топырақта туып, біте қайнасқан үш ақынның тағдыры туралы…
АЙТЫЛМАЙ КЕТКЕН ҰЛЫ АРМАН
Екі жылдық жауынгерлік міндетімді сонау Сібірде – Сахалиндегі Крыльен мүйісінде зениттік-ракеталық әскери бөлімшесінде атқардым. Дивизионымыздың тұмсығы теңізге тіреліп тұратын. Жапонияға арқасы тие жаздаған әскери бөлімшеміздің басты міндеті – жау ұшақтарының мемлекеттік шекараны бұзуына жол бермеу.
«ӨРТЕҢГЕ ӨСКЕН КӨК ҚҰРАҚ»
Қ.Мырзалиев «Жазмыш» кітабында: «Ал ақындар арасындағы әулиелік бүгін ғана басталған қасиет емес. Ол баяғыдан келе жатқан қасиет» , – дей келіп, әлем ақындарының біразының көріпкел-әулиеліктерін нақты мысалдармен дәлелдеп көрсетеді. Осы ақындардың қатарына Кеңшілікті де жатқызуға айғақ боларлық өлеңдері мен оқиғалар жеткілікті.
Қазағымның жұлдызы маңдайдағы
Кәмшат… Өткен ғасырдың 70-80 жылдары әр қазаққа шуақтай жылы естілген есім бұл. Өмірінің өрнегін еңбекпен зерлеген апамның мейірлі де мерейлі жүзін баспасөз беттерінен көріп, сүйсіне де сүйіне білген ұрпақ едік біз.
Мемлекет басшысы қаламгерді І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
80 жылдық мерейтойында Валерий Михайловқа І дәрежелі «Барыс» ордені табысталды
Тарихты «Тайқазанда» қайнатып, «Замандастың» келбетін кескіндеген
«Тайқазан», «Замандас» деп отырғанымыз танымал журналист Нәзира Жәрімбетованың облыстық «Qostanai» арнасында қызмет етіп жүргенінде дайындаған хабарлары.
Ұлы аманаттың ұясы
Торғайдағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатов музейі – Алаштың арман-мұратын, ұлт тарихы мен рухани мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізген тағылымды мекен.
Белгілі тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті
Тілеуқабыл Мыңжасар саналы ғұмырын телевизия саласына арнаған. Ұзақ жылдар бойы «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы тілшісі болып, өңірдегі маңызды жаңалықтар мен өзекті мәселелерді халыққа жедел әрі сапалы жеткізді.
