Рудныйда ЮНЕСКО-ның өңірлік өкілдігі құрылады

Рудныйда ЮНЕСКО-ның өңірлік өкілдігі құрылады

ЮНЕСКО клубтарының Қазақстан Ұлттық Федерациясы Басқармасының шешімімен Рудный қаласы Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының базасында ЮНЕСКО-ның өңірлік өкілдігі құрылғалы жатыр.

Осы орайда ЮНЕСКО мектеп-клубтарының жүйесі кеңейтілгенін де айта кетейік.

“Қостанайдағы 3 мектеп-гимназиясы, Рудныйдағы №4 мектеп-лицейі, Қостанай ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы мектебі, Қостанайдағы “Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы интернат кешені клуб мүшелігіне қабылданды”, – дейді облыстық білім басқармасының өкілдері.

Қазіргі уақытта облыста ЮНЕСКО-ның 13 клубы жұмыс істейді. Білім алушылар мен педагогтар ЮНЕСКО ұйымдастырған іс-шараларының белсенді қатысушылары, байқауларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

Жаңалықтармен бөлісу