Медебаева Балжан Сейітқанқызы

 

Лауазымы: Есепші

Жұмыс телефоны: 54-99-88

Сарыкөл ауданының тумасы. Қараоба сегіз жылдық мектебінің түлегі. 

1999 жылы А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. 

1997 жылдан бастап Қостанай облыстық телерадиокомпаниясының жаңалықтар қызметінің тілшісі болып жұмыс істеді. 

2001 жылы Екатеринбург қаласында ВВС журналистика мектебінде «ТВ режиссері және телебағдарламаларды шығару» курсында оқыды. 2002 жылы Алматыда «Хабар» агенттігінің мектеп-студиясында біліктілікті арттыру курсын аяқтады. 

2000-2005 жылдары Қостанай облыстық телерадиокомпаниясының режиссері, 2005-2007 жылдары аға режиссері қызметін атқарды. 

2007 жылы «Азбука жилья» газетінің тілшісі, Астанадағы «ТДК-42» Батыс Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясының меншікті тілшісі болды.

2015 жылдан облыстық «Қостанай таңы» газетінің жарнама жөніндегі менеджері.

1999 жылы Мәскеу қаласындағы 4-ші Еуразиялық телефорумның қатысушысы.

2002 жылы ҚР Журналистер одағы облыстық филиалы сыйлығының лауреаты атанды. 

2003 жылы IV Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің («Тележурналистика» номинациясы) лауреаты.