Қиысхан Қыдырбек

 

Лауазымы: тілші

1981 жылы 10 наурызда Моңғолияның Бай-Өлке аймағында дүниеге келген. 1991 жылы отбасымен бірге Атамекенге көшіп келді. Тұрақтаған жері – Қостанай облысы, Қамысты ауданының Қарабатыр ауылы. Қарабатыр орта мектебінің түлегі. Қостанай әлеуметтік академиясының тарих және жағырапия мамандығын тәмамдаған. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының магистатурасын бітірген.

Тарих магистрі. «Қостанай таңы» газетінің тілшісі. Облыстық «Жас тұлпар» оқушылар айтысының 3 дүркін жеңімпазы, республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері. Облыстық, республикалық, халықаралық жыршы-термешілер байқауларының лауреаты. Халықаралық «Мен қазақпын» мегажобасының Қостанай облысы бойынша іріктеу сайысының жеңімпазы – «Үздік аймақтық әнші» номинациясы иегері. 

Халық әндері мен халық композиторларының әндерін, жырау, би-шешендердің сөз-жауһарларын насихаттаушы.М.Сералин атындағы сыйлығымен марапатталған.   Қостанай облыстық Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының,  Қостанай облысы әкімі сыйлығының иегері.