Әлкеев Руслан Оразбайұлы

 

“Қостанай таңы” газетінің Сарыкөл ауданындағы меншікті тілшісі

1989 жылы 30 маусымда Қостанай облысы Аманкелді ауданы Шөптікөл ауылында дүниеге  келген. 

2011 жылы Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемелекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдады. Сол жылдың шілде айынан бері Сарыкөл ауданының «Сарыкөл» газетінде жұмыс істеп келеді. 

2018 жылдың қазан айынан редактор қызметін атқаруда.

Студент шағында, 2009 жылдың желтоқсан айында Қарасу ауданының “Қарасу өңірі” газетінде еңбек жолын бастап, сол жерде 2011жылдың маусым айына дейін тілші болып жұмыс істеген. 

2013-2017 жылдары «Қостанай таңы» газетінің Сарыкөл ауданындағы меншікті тілшісі болды.

Өлең шығаратын қабілеті бар. Туындылары  облыстық, аудандық газет беттерінде жарық көріп, жыр жинақтарына еніп жүр. Үйленген. 4 баланың әкесі.