17 маусым күні қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті өкілі, ақын, жазушы, драматург, журналист-публицист, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Ақылбек Қожаұлы Шаяхмет 75 жасқа толды.
Тағылымды кездесу
ҚР Рәміздер күні қарсаңында Тобыл-Торғай өңіріне белгілі этнограф-жазушы, Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова арнайы келді. Пушкин атындағы кітапханада өткен кездесуде ел анасының ғибратты әңгімелері ерекше әсер қалдырды.
Асылдың сынығымен тағылымды кездесу
Қостанай төріне қазақтың жоғын түгендеп, ұлттық құндылықтарды дәріптеп жүрген жазушы-этнограф, қоғам қайраткері, батыр Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова апамыз келді.
ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЛИБЕГІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Амангелді ауданында қазақ ән өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қостанай қаласы мен Амангелді ауданының Құрметті азаматы, әнші-композитор Қалибек Деріпсалдиннің шығармашылығына арналған «Көктем – қыздар» республикалық әншілер байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Мемлекетшіл мінез, мерейлі ғұмыр
Көп ауылдың тағдыры қыл үстінде тұрған шақтар болды. Сол кезеңде бір ауданның, кейде тұтас өңірдің салмағы нақты шешім қабылдай алатын адамдардың иығына түседі. Қостанай өңірінде сондай сындарлы кезеңдерде жауапкершіліктен қашпай, күрделі міндеттердің бел ортасынан табылған азаматтардың бірі – Бағытұр Әлімбайұлы Дәндібаев.
ҚАДЫР КӘРІМҰЛЫ КӘРІМОВТІҢ РУХАНИ МҰРАСЫ
«Адамның адамшылдығы ең алдымен жақсы ұстаздан» деген Абай Құнанбайұлының сөзі – ұрпақ тәрбиесінің мәңгілік темірқазығы. Ұстаз – ел болашағын қалыптастырып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беретін киелі мамандық иесі.
Қаламына қоғамның үні қонған
Оразалы ағаны алғаш рет 2008 жылы Қостанайға жұмыс іздеп келгенде көрдім. Қалалық газеттің қазақ редакциясында редактор екен. Кабинетінде жылы қабылдап, аудандық газетке басылған мақалама жоғары бағасын берді. Жазғаным туған ауылым туралы еді. Жас тілшіге одан артық қандай бақыт керек?
Қоғам белсендісі, ұстаз, ғалым Қалқаман Жақып 80 жасқа толды
«Ұлтты сүйсең, менше сүй!» деп қасқайып айта алар бір азамат болса, ол Қалқаман аға Хасенұлы дер едік. Өйткені өскелең өренге өнегелеп көрсетерлік ісі, өнімді еңбегі көп. Руханият жоқшысы, ұлтжанды, елшіл, мемлекетшіл. Шовинизм шөміштен қағып, тіл-діліміз тұқырып тұрған дəуірде-ақ қазақшыл үнін таныта алған тұлғалардың бірі еді. Əлі күнге осы ұстанымын ұстын етіп, қағидасына берік болып келеді…
Жүректерге жеткен ән
Алаштың әйгілі ақыны Серік Тұрғынбекұлының өлеңіне жазылған біртуар композитор Болат Хамзиннің «Торғай қызы» әнінің жарыққа шыққанына алпыс жылға жуықтады. Ал халық арасында кеңінен тараған тамаша туындының кейіпкері Күнжәмила Есекейқызы биыл 90 жасқа толады.
Жаркөлдіктер аяулы ақынды еске алды
Жангелдин ауданының Жаркөл ауылында қазақтың әйгілі ақыны Шәміл Мұхамеджановтың туғанына 95 жыл толуына орай «Шағала көңілім шарықта» атты еске алу кеші көрініс тапты.
