Биыл қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Мәриям Хакімжанованың туғанына 120 жыл толып отыр.
15 қараша – ақынның туған күні. Бұл күн – қазақ поэзиясына өзіндік өрнек әкелген, артына өшпес әдеби мұра қалдырған қаламгердің шығармашылығын тағы бір мәрте ұлықтайтын ерекше күн.

Мәриям Хакімжанованың жырларынан ана жүрегінің жылуы, туған жерге деген сағыныш, адамға деген мейірім мен ізгілік айқын сезіледі. Оның өлеңдері – ұлт руханиятының асыл қазынасы, кейінгі ұрпаққа қалдырған өнегелі өсиеті.
Ыбырай Алтынсариннің облыстық мемориалдық музейінде ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы экспозиция келушілер назарына ұсынылған.
Музей қорында сақталған ақынның жеке заттары, өмірі мен шығармашылық қызметіне қатысты құнды жәдігерлер оның тұлғалық болмысын, әдеби мұрасын және замандастарымен байланысын тереңірек тануға мүмкіндік береді.
Бұл жәдігерлер – өткеннің үнін бүгінге жеткізетін, тарихи жадымызды жаңғыртатын рухани құндылықтар.

120 жылдық мерейтой – ақын мұрасын дәріптеп, есімін ұлықтаудың жарқын көрінісі. Мәриям Хакімжанованың өнегелі өмірі мен өрнекті өлеңдері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, халқымен бірге жасай бермек!
