Адалдық алаңында алты команда бәсекеге түсті: «Шоқан stars» бас жүлдені иемденді

Адалдық алаңында алты команда бәсекеге түсті: «Шоқан stars» бас жүлдені иемденді

Жангелдин ауданында мемлекеттік қызметкерлер мен жастар бас қосып, білім мен тапқырлық сынға түскен «Адалдық IQ» интеллектуалды сайысында бақ сынады.

Н.Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен зияткерлік додаға 6 команда қатысып, білімдерін, логикалық ойлау қабілеттері мен шапшаңдықтарын көрсетті.

Іс-шара Жангелдин ауданы әкімінің аппаратының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды. Сайыстың басты мақсаты – қатысушылардың зияткерлік әлеуетін арттырумен қатар, қоғамда адалдық, әділдік пен парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау.

Жарыс барысында қатысушылар өзара білім жарыстырып қана қоймай, командалық бірліктің, тапқырлық пен жылдам шешім қабылдаудың үлгісін көрсетті.

– Аталған сайыс – жастар мен мемлекеттік қызметкерлердің білімін шыңдап қана қоймай, қоғамдағы адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын насихаттайтын маңызды бастама. Осындай тағылымды шаралар қатысушылардың ой-өрісін кеңейтіп, өзара тәжірибе алмасуына және командалық рухын нығайтуға мүмкіндік береді. Адалдық – әрбір азаматтың бойында болуы тиіс асыл қасиет. Білімді, саналы әрі адал ұрпақ тәрбиелеу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Алдағы уақытта да осындай мазмұнды сайыстар жалғасын табады деп сенемін, – дейді жарыс жеңімпазы, Жангелдин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Марғұлан Мұратұлы.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды 50 мың теңге жүлдемен «Шоқан stars» командасы иеленді. ІІ орын мен 40 мың теңге жүлде «Түйін» командасына бұйырса, ІІІ орынға жайғасқан «Алаш» командасы 30 мың теңге сыйақыға ие болды. Қалған командалар да арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Қалған командалар да арнайы дипломдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Осылайша, «Адалдық IQ» сайысы қатысушыларға білімдерін ортаға салып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеген тағылымды шараға айналды.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Жангелдин ауданы