Мемлекеттік тілді балабақша жасынан бастап меңгерудің маңыздылығын қоғам терең түсіне бастағандай. Өзге этнос өкілдері балаларын кішкентайынан жетелеп қазақ топтарына беріп жатыр.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ тілі көпшіліктің тіліне айналды»
Мемлекет басшысы қазақ тілінің қоғамдағы қолданысы кеңейіп, әсіресе жастар арасында еркін сөйлейтіндердің көбейгенін айтты. Президенттің сөзінше, бұл басқа тілдерден бас тарту немесе оларды шеттету дегенді білдірмейді. Тілге, ұлтқа және дінге байланысты кемсітуге жол берілмейтінін атап өтті.
Қазақ деп соққан жүрегі
Денисов жалпы білім беретін № 3 мектебінің түлегі Кэтрин Майер отбасымен бірге «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының белсенді қатысушысы. Ол ұлты неміс болса да қазақ тілін жетік меңгерген патриот.
Қазақша Уикипедия: цифрлық қоғамдағы қазақ тілінің кеңістігі
Қазақ тілінің болашағы енді тек кітап пен аудиторияда емес, цифрлық кеңістікте де айқындалады. Осы бағыттағы маңызды қадамның бірі – қазақша Уикипедиядағы сапалы контентті көбейту.
«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» байқауында үздіктер анықталды
Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы өз мәресіне жетті.
Ұстаздарға заманауи технологиямен ағылшын тілін оқытудың әдістері түсіндірілді
Қостанайда ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын меңгеруге арналған облыстық семинар өтті. Қалалық және аудандық тілдерді оқыту орталықтарының мұғалімдері тәжірибе алмасып, оқыту сапасын арттырудың жолдарын талқылады. Семинар мұғалімдерге жаңашыл әдістерді қолдануға шабыт беріп, әсіресе, шалғай аудандардағы педагогтар үшін баға жетпес мүмкіндік болды. «Modern English Teaching Tools Techniques» атты облыстық семинар ұйымдастырылып, оған қалалық және […]
Қоғамдық даму басқармасының бас маманы республикаға жолдама алды
Жансая Сәрсенова мемлекеттік қызметшілер арасында өткен дәстүрлі «Тіл шебері» облыстық байқауында үздік атанды.
Ұлт рухы мен тәуелсіздік тағылымы
Облыстық Қоғамдық даму басқармасы «Әділетті мемлекет, біртұтас ұлт және патриотизм құндылықтарын қалыптастыру мен нығайту бойынша кешенді іс-шараларды ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруда. Аталған жоба аясында Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі жалпыұлттық құндылықтарына арналған 6 ашық дәріс өткізу жоспарланған.
Қарасу ауданында қазақ тілін дамытуға бағытталған «Шапағат» клубы құрылды
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруді көздеген қоғамдық бастама тіл жанашырларын біріктіретін рухани алаңға айналып отыр.
Абзал Құспан: «Тіл мәртебесін көтеру заңдарымызды бірізділендіруден басталуы керек»
Қостанайда өткен «АІ және лингвистика: цифрлық синергия дәуірі» форумында ҚР Мәжілісі депутаты, Заңнама және сот-құқық реформасы комитетінің мүшесі Абзал Құспан осындай мәселе көтерді.
