«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» байқауында үздіктер анықталды

«Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» байқауында үздіктер анықталды

Облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» облыстық байқауы өз мәресіне жетті.

Мемлекеттік тілді жетік меңгеріп, оны этносаралық қарым-қатынас құралы ретінде шебер қолданған қатысушылар арасынан үздіктер анықталды.

Бірінші орынды Сарыкөл ауданындағы Барвин жалпы білім беретін мектебінің қызметкері Алёна Блинова иеленді. Екінші орын Ұзынкөл ауданының ветеринариялық станциясының қызметкері Вера Яковенкоға бұйырды. Ал үшінші орынды Қарабалық ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкері Максим Макеев жеңіп алды.

Жеңімпаздарды «Тілдарын» орталығы құттықтап, марапаттарын табыс етті.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып, ұлттық құндылықтарды дәріптеудегі еңбектері жемісті бола бергей.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА,

Суреттерді түсірген Василий Васильев