«Дала дәмі» жәрмеңкесінде жергілікті өнімдер ұсынылды

«Дала дәмі» жәрмеңкесінде жергілікті өнімдер ұсынылды

Қостанайда «Дала дәмі» республикалық жобасы аясында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Сауда алаңына жергілікті тауар өндірушілер мен өңдеуші кәсіпорындар өз өнімдерін шығарды.

Жалпы, тұрғындарға 20,5 тонна ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімі ұсынылды.

Жәрмеңкеге Рудный қаласынан арнайы келген кәсіпкер өз шаруашылығында өсірген күркетауық етін саудаға шығарған. Оның айтуынша, бұған дейін Астана қаласында да сауда жасап көрген. Ал жұмыртқасы жәрмеңкеге дейін-ақ сатылып кеткен.

Қала тұрғыны Жұмакүл де жәрмеңкеге келіп, сауда барысына қатысты өз пікірін білдірді. Оның сөзінше, мұндай шаралар тұрғындарға қажетті азық-түлікті қолжетімді бағамен алуға мүмкіндік береді. Дегенмен, бүгінгі саудада ет өнімдері аз болғанымен, сатып алушылар тарапынан сұраныс та жоғары болмағанын атап өтті.

Жәрмеңке тұрғындар мен ауыл шаруашылығы өндірушілерінің арасындағы байланысты нығайтып, жергілікті өнімді тікелей тұтынушыға ұсынуға мүмкіндік берді.

Айтолқын АЙҚАДАМОВА