Өңір аудандарын дамыту, білім беру және ауыл тұрғындарын қолдау мәселелері талқыланды

Өңір аудандарын дамыту, білім беру және ауыл тұрғындарын қолдау мәселелері талқыланды

«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына партиялық тізім бойынша кандидаттар Қостанай облысының тұрғындарымен және еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастыруда.

Бұл жолы Манат Карбозов Жангелдин ауданына, Қырмызы Жаңбыршина Арқалық қаласына, ал Альмира Жансүгірова Әулиекөл ауданына барды.

Торғайда Манат Карбозов Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектептің ұжымымен жүздесті.

Ол ұстаздарға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, Жангелдин ауданының дамуына қатысты жоспарларымен бөлісті.

Кандидат білім беру нысандарын жөндеу мен ауыл инфрақұрылымын жақсарту мәселелеріне тоқталды. Атап айтқанда, аудандағы жеті білім беру нысанын жөндеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын дамыту, кәсіпкерлерді қолдау, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жаңа жобаларды іске асыру, жұмыс орындарын көбейту және жас мамандарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы міндеттер сөз болды.

«Мен үшін ауданның болашағы ең алдымен тұрғындардың тұрмыс сапасымен өлшенеді. Ауылдың дамуы үшін оның тұрғындарына мүмкіндік беру қажет. Шаруаның кәсібі өркендеп, жас маман ауылда тұрақтап, балалар сапалы білім алатын жағдай қалыптасуы тиіс. Депутат ретінде осы мәселелердің шешілуіне ықпал етіп, бағдарламалық міндеттемелердің орындалуын бақылауды өз жауапкершілігім деп санаймын», — деді Манат Карбозов.

Арқалық қаласында Қырмызы Жаңбыршина «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының педагогтерімен және №2 облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының қызметкерлерімен кездесті. Әңгіме барысында балалар мен жастардың қабілетін дамыту, қосымша білім берудің қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ кітапханалардың білім мен мәдениетті насихаттаудағы рөлі сөз болды. Бұл бағыттар партияның өңірлік бағдарламасындағы адами капиталды дамыту және білім беру сапасын арттыру міндеттерімен сабақтас.

Ал Әулиекөл ауданында Альмира Жансүгірова аурухана мен колледж ұжымдарымен жүздесті. Кездесулерде медициналық көмектің сапасы, білім беру саласының өзекті мәселелері және еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау жайы талқыланды. Бұл мәселелер де өңірлік бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі — сапалы әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету және кәсіби мамандар даярлау міндеттерімен үндеседі.

blank blank

Кездесулерде көтерілген мәселелер әртүрлі болғанымен, ортақ мақсат бір: өңірдің қай аумағында тұрса да, әр адамның сапалы білім мен медициналық көмекке қол жеткізуіне, еңбек етуіне және өз мүмкіндігін жүзеге асыруына жағдай жасау. «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасында осы міндеттерге басымдық берілген.

Дайындаған: «Әділет» партиясының Қостанай облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Б.Б. Аққожина.

Материал Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.