Еуразиялық банктің демеушілік көмегімен Арқалық аймақтық ауруханасы аумағында жаңа ағаш аллеясы пайда болды. Банк өкілдері әлеуметтік жауапкершілік аясында аурухана ауласына көшеттер отырғызып, емдеу мекемесіне жасыл желек сыйға тартты.
«Студент көктемі – 2026» мәресіне жетті
Биылғы «Студент көктемі» фестивалінің қорытындыланып, облыстың ең үздік шығармашыл студенттері анықталды. Айға созылған ауқымды өнер және спорт мерекесінде жоғары оқу орындарының талантты жастары өзара мықтыны анықтады.
Арқалық әкімі тыл ардагерлеріне құрмет көрсетті
Қала әкімі Әмірхан Асанов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров тыл ардагерлерін үйлеріне барып жылы лебіздерін білдірді.
АМАНГЕЛДІДЕ ЖАС ПАТРИОТТАР ФОРУМЫ ӨТТІ
Ел болашағы – білімді де отансүйгіш жастардың қолында. Осы мақсатта Амангелді ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Қыран елім, Қазақстаным!» атты жас патриоттар форумы ұйымдастырылды. Рассвет негізгі орта мектебінің базасында өткен бұл шара ауданның белсенді жастарының басын қосты.Форумның басты мақсаты – мектеп оқушыларының бойында отаншылдық сезімді қалыптастыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту […]
Надежда үмітті ақтады: жерлесіміз – Азия чемпионы!
Моңғолия астанасы Ұланбатырда ересектер арасындағы Азия чемпионатының финалдық бәсекесі өтіп жатыр. 80 келідегі Надежда Рябец шешуші кезеңде Өзбекстан спортшысы Рухшона Парпиевамен күш сынасып, жеңімпаз атанды.
Еуразиялық банктің акциясында рудныйлық Дамир Әбдібеков көлік ұтып алды
Еуразиялық банктің «Pay&Drive» промо-акциясының жеңімпазы анықталды. Жаңа Chevrolet Captiva автокөлігі Рудный қаласының тұрғыны Дамир Әбдібековке бұйырды.
Қостанай қаласының тұрғыны көлік ұтып алды
Қостанай қаласының тұрғыны Дина Жұмақова 2019 жылдан бері Еуразиялық банктың тұрақты тұтынушысы. Ол күнделікті азық-түлік, әуе билеттерін, өзге де тұрмысқа қажетті заттар сатып алғанда аталмыш банктың картасымен төлейді. Осындай белсенділігінің арқасында Еуразиялық банктің Mastercard картасын қолданушылар арасында ұйымдастырылған ұтыс ойынына қатысып, су жаңа Chevrolet автокөлігін ұтып алды.
Серік Бектұрғанов мемлекеттік марапатқа ие болды
Бүгін Қызылордада өткен Ұлттық Құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтай мүшесі, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Серік Шыңғысұлы Бектұрғановқа еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградаларының бірі — III дәрежелі «Барыс» орденін табыс етті.
Ақын Серікбай Оспанұлы «Ана тілі» орденімен марапатталды
Қазақтың көрнекті ақыны, филолог ғалым, ұстаз, ұлт руханиятының жанашыры, даңқты жерлесіміз Серікбай Оспанұлының марапат қоржыны тағы бір елеулі наградамен толыға түсті.
Қостанайлықтар жүлдегер
Шымкент қаласы Абай ауданындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде барлық NIS оқушылары арасында өткен үстел теннисінен желілік спартакиаданың финалдық кезеңі өз мәресіне жетті.
