Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Qumar Aqsaqalov VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз күресінен күміс жүлде иеленген жерлесіміз Алмас Жұмағалиді құттықтады.
«VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қырғыз күресінен күміс жүлдеге ие болған жерлесіміз Алмас Жумагали Алмас Жұмағалиді шын жүректен құттықтаймын! Алмас Жұмағали – ұлттық спортымызды дамытуға өз үлесін қосып, бозкілемде талай мәрте жеңіске жетіп жүрген балуан. «Қазақстан барысы» республикалық турниріне бірнеше рет қатысып, Қостанай облысының намысын қорғап келеді. Бұл жолғы халықаралық аренадағы жүлде – спортшының табандылығы мен қажырлы еңбегінің, сондай-ақ бапкерлерінің, жерлестердің қолдауы және сенімінің жемісі. Алмасқа алдағы жарыстарда толағай табыс пен жеңістер тілеймін!», – деді Құмар Ақсақалов.
