Бүгін Қостанайдағы Сырбай Мәуленов атындағы гимназияда өткен соңғы қоңырау салтанаты тек дәстүрлі вальспен ғана емес, ауқымды экологиялық трендпен ерекшеленді. Биыл алғаш рет «Білімім – Отаныма!» жиыны аясында мектеп бітірушілер 1-сынып оқушыларымен бірлесіп, білім ордасының ауласына «Түлек ағашын» отырғызды.
ҚЫЗБЕЛДЕ ЫНТЫМАҚ ПЕН СПОРТ ҰШТАСТЫ
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Қызбел ауылында мазмұнды әрі тағылымы мол спорттық іс-шара өтті. Ауыл жастарын салауатты өмір салтына баулу, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және өзара достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында М.Дулатов атындағы орта мектептің директоры Фазылова Динара Сәбитқызының бастамасымен көшелер арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылды. Аталған жарысқа ауылдың әр көшесінен құралған 6 […]
Қоғамдық даму басқармасының бас маманы республикаға жолдама алды
Жансая Сәрсенова мемлекеттік қызметшілер арасында өткен дәстүрлі «Тіл шебері» облыстық байқауында үздік атанды.
Науырзымдық ұстаз ұтыс иегері атанды
Алма Барсақбаева – «Қостанай таңы» газетінің көп жылдан бергі тұрақты оқырманы. Науырзым ауданының тұрғыны отыз жылдан астам уақыт бойы балаларға әліппе оқытып, сан мыңдаған шәкіртті білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаз. Ұстаздықты өмірлік мұрат еткен жан үшін газет – тек ақпарат көзі ғана емес, рухани серік, қоғаммен байланыс орнататын алтын көпір.
«Арқалық хабары» газетіне 20 жыл толды
Қазақ баспасөзінің дамуына айрықша үлес қосқан Ахмет Байтұрсынұлы «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деп баспасөз құралдарының адамзат қоғамына қаншалық керектігін, оның ақпараттық қажеттілікті өтеудегі орынын айқындап берген еді.
Мерейтойыңыз құтты болсын!
Құрметті Жанұзақ Аязбекұлы! Сізді 70 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!
Туған күніңіз құтты болсын!
Жуырда «Қостанай таңы» газетінің ардагері Анатолий Павлович КУЗНЕЦОВ мерейлі 70 жасқа толғалы отыр.
Мерейтой иесін құттықтаймыз!
Өңір баспасөзінің қарашаңырағы – облыстық «Қостанай таңы» газетінде жарты ғасырға жуық қызмет еткен Меруерт Сағымжанқызы ҚАЛАУСЫЗОВА 14 қаңтарда мерейлі 70 жасқа толғалы отыр.
