Қоғамдық даму басқармасының бас маманы республикаға жолдама алды

Қоғамдық даму басқармасының бас маманы республикаға жолдама алды

Жансая Сәрсенова мемлекеттік қызметшілер арасында өткен дәстүрлі «Тіл шебері» облыстық байқауында үздік атанды.

Байқау облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткізіліп, қатысушылар үш тілде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өз білімдері мен шеберліктерін сынға салды. Тіл мәдениетін жоғары деңгейде меңгерген, ойы ұшқыр, сөз саптауы шебер мамандар арасынан оза шапқандар іріктелді. Нәтижесінде бірінші орынды облыстық қоғамдық даму басқармасының бас маманы Жансая Сәрсенова бас жүлдені иеленді. Ол енді өңір намысын республикалық «Тіл шебері» байқауында қорғайды. Екінші орын Арқалық қаласы әкімдігінің бас маманы Бекзат Әбдімәлікке бұйырса, үшінші орынды Жангелдин ауданы әкімі аппаратының кадр бөлімінің басшысы Нұртас Ғабдымәлік еншіледі.

 

Бұл байқау мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, көптілділікті дамытуға және мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін жетілдіруге зор үлес қосып келеді.

БОТА МАНЕТ