Қостанайда мамыр мерекелері қалай өтеді?

Қостанайда мамыр мерекелері қалай өтеді?

Қалалық әкімдікте өткен кеңесте мамыр айындағы мерекелерді өткеру тізбегі талқыланды. Алғашқы маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – бірліктің, достықтың, ашықтық пен толеранттылықтың символына айналған Қазақстан халқының бірлігі күні.

Қалада этносаралық келісімді, достық пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған мәдени және қоғамдық ауқымды іс-шаралардың кешені жоспарланған. Бұл туралы қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Дүйсеков баяндады.

«Халықаралық және мәдениетаралық диалогты нығайту аясында Л. Толстой атындағы кітапханада сәуір айында Әзербайжан қауымының өкілдерімен «Келісім жолы: Қазақстан мен Әзірбайжан халқының диалогы» тақырыбында кездесу жоспарланған. Ағартушылық іс-шараларға ерекше көңіл бөлінеді. Қаламыздың Н. Островский атындағы орталық кітапханасында «Ынтымақты елдің ырысы мол» сияқты этномәдени кездесулер өтеді. «Южный» кітапхана-филиалындағы «Достық пен бейбітшілікті, махаббат пен бауырластықты жүректе сақтайық» этномәдени мерекесі және басқа да бірлік пен келісім идеяларын насихаттауға бағытталған», – деді ол.

Дәстүр бойынша мамыр айында Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында тақырыптық сынып сағаттары, көрмелер ұйымдастырылады. Мәселен, 1-6 мамыр аралығында Никифоров атындағы көркемсурет мектебінің базасында бірліктің, бейбітшілік пен келісімнің құндылықтарын бейнелейтін «Қазақстан – менің елім» картиналар көрмесі жоспарланған. Іс-шаралар балалар мен жастардан бастап аға буын мен әлеуметтік осал топтарға дейінгі халықтың әртүрлі санаттарын қамтиды.

«Сондай-ақ, «Мирас»мәдениет үйінде мерекелік бағдарламалар мен концерттер өтеді, олар шығармашылық ұжымдар мен түрлі жастағы тұрғындарды ынтымақтастырады. 30 сәуір күні сағат 18.00-де «Дружба» тұрғын алабында «Бізбіргеміз!» атты, ал 1 мамыр күні сағат 17.00-де Сити-орталықта «Бірлікке бастайтын жол»концерттік бағдарламасы болады. Мұнда Сити-орталықта «Qoloner» қоғамдық қоры «ART BAZAR» қолөнерінің көрме-сатылымын ұйымдастырады», – дейді Олжас Дүйсеков.

Сонымен қатар, 1 мамырда Әл-Фараби даңғылында «Қоғамдық келісім» этномәдени орталықтарымен бірлесіп «Бірлік Фэст: бірлік энергиясы» өтеді, онда интерактивті алаңдар, шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі, сондай-ақ спорттық жарыстар ұйымдастырылады.
Ал 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай қалада бірқатар түрлі форматтағы іс-шаралар жоспарланған. Атап айтқанда, 1-2 мамырда баскетболдан, 4-5 мамырда футболдан мектеп лигаларының жарыстары өтеді.

«Өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, Отанға қызмет етуге дайын болуға ерекше көңіл бөлінді. 4-6 мамырда Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп пен №28 мектептің «Жас Сарбаз» сыныптарында әскери комитет өкілдерінің қатысуымен «Біз-Отанымыздың болашақ қорғанымыз!» тақырыпта сынып сағаттары өтеді. 5 мамырда басты тақырыбы Отаналдында борышын өтеу туралы «Отанға қызмет ету – Елді және халықты қорғау» атты әскери қызмет өткерген жастармен кездесуді Дружба мектебінің оқушылары үшін «Мирас»МҮ 2 филиалы ұйымдастырады. 6 мамырда «Северный» кітапхана-филиалы балаларға арналған «Жүректегі Отан» әскери-спорттық турнирін, ал А. С. Пушкин атындағы қалалық балалар кітапханасында «Жас сарбаз» ойын конкурсын, 7 мамырда «Дружба» кітапханасында «Алға, Жас қорғаушылар!» ойын бағдарламасы өтеді. Бұл іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында командалық рух пен патриоттық жасампаздықты дамытуға бағытталған. «Елім деп соққан жүрек» патриоттық ән фестивалі 6 мамырда Қостанай-2 шағынауданындағы «Мирас» МҮ 1филиалының залында болады», – деді ол.

Дәл 7 мамыр күні облыстық әкімдік алаңында «Мирас» МҮ үрмелі оркестрінің «Қорғаушы жүрегі – ел жүрегі» концерттік бағдарламасымен іс-шаралар легі түйінделеді.
Ал театр әртістері тақырыптық қойылымдар дайындайды. Облыстық орыс драма театрында «О чем молчат Ленинградские крыши» спектаклі, қазақ театрында соғыс жылдарындағы адамдардың қаһармандығы мен табандылығын бейнелейтін «Құс жолы» спектаклі көрсетіледі.
9 мамырға арналған іс-шаралар да ауқымды. Айта кетеу керек, 73 мыңнан астам адам Қостанай жерін майданға жіберді. 36 мыңнан астам адам қайтыс болды. Арасында хабар-ошарсыз кеткендері бар. Қазіргі уақытта Қостанайда Ұлы Отан соғысының үш ардагері Қасымхан Алдабергенов, Дильдабек Нұрушев, Михаил Подоляков тұрады. Үшеуі де 100 жастан асып кеткендер.

«Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 5 млн теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленетін болады. Айта кету керек, Қазақстандағы төлем сомасы ТМД елдері арасында ең жоғары», – деді Олжас Дүйсеков.

Кітапханалар мен мектептерде еске алу іс-шаралары, батырлардың ерлігіне арналған әдеби-музыкалық және поэтикалық қонақ бөлмелері, сондай-ақ соғыс туралы тарихи шындықты сақтауға бағытталған концерттер, көрмелер мен кездесулер өтпек.

«5 мамырда Н. Островский атындағы орталық кітапханада 151-ші атқыштар бригадасының құрылғанына 85 жыл толуына орай «Ұлы жылдардың даңқы ешқашан өшпейді» атты еске алу кеші жоспарланған. Мамырдың алтысында сағат 18.30-да Жастар сарайында облыстық филармонияның камералық оркестрінің концерті өтеді. 8-10 мамыр аралығында «Юбилейный» шағын ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені базасында ерлер командалары арасында волейболдан қалалық ашық турнир өтеді. Жарысқа еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады», – деді Олжас Дүйсеков.

Негізгі 9 мамырда Жеңіс саябағында сағат 11.00-ге іс-шара жоспарланған. Онда соғыс жылдарында қаза тапқан қостанайлық жауынгерлерге арналған мемориалда тағзым жасалады. Гүл шоқтарын қою рәсімімен «Батырларға тағзым» еске алу митингі өтеді.

«Мұнда саябақ аумағында облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен мектеп мұражайының 151 атқыштар бригадасының жылжымалы мұражай экспозициясы ұйымдастырылады. Аалаңда мемориал үшін концерттік бағдарламалар мен аула клубтары тәрбиеленушілерінің көрме қойылымдары ұйымдастырылады. Саябақ аумағында дәстүрлі «Солдат ботқасы» акциясы аясында ботқа мен шай қосылған бес далалық ас үй, сондай-ақ сусындар мен кондитерлік өнімдер бар қосымша сауда нүктелері орнатылады», – деді ол.

Қала әкімі Марат Жүндібаев іс-шараларды тиянақты өткізуді ұйымдастыруды, биыл үш ардагер де Жеңіс саябағына барып, тағзым етуге ниет білдіріп отыр.

blank

«Ардагерлер өздері қалап отырса барлық жағдайды жасау керек. Арнайы көлік бөліңіздер. Мәжбүрлемеңіздер, тек өздері қаласа ғана. Себебі, жастары 100-ден асып кетті. Денсаулықтарына мән беру керек. Әлеуметтік төлем дер кезінде берілетін болсын», – деді қала әкімі.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суреттерді түсірген – Василий ВАСИЛЬЕВ