Арқалық: жастар пікірталас алаңында 

Арқалық: жастар пікірталас алаңында 

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде «Жастар және Конституция: құқықтық сана қалыптастыру» тақырыбында пікірталас турнирі ұйымдастырылды.

Іс-шара – жастар арасында сыни ойлауды дамыту және студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Арқалық университетінде жан — жақтан білім іздеп келген жастардың қатары мол.

blank blank blank blank blank

Студенттер пікірталас барысында конституциялық құқықтар, сөз бостандығы және заң үстемдігі тәрізді тақырыптарды қамтып, пікірталас алаңында кеңінен талқылады.

Нигора Садулақызы,

Студент:

blank

«Арқалыққа Түркістан қаласынан келіп, екі шет тілі мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Жастар арасындағы пікірталасты ұйымдастырушы ретінде айтарым, турнир өте тартымды, қызғылықты өрбіді. Білім ордасының бірінші және екінші курс студенттері арасында заң бойынша жастардың заң аясындағы құқықтық тәртібі туралы пікіралмасулар ұйымдастырдық және де жаңа конституция шеңберінде ұйымдастырылған қарарлар өткізілді. Көтерілген тақырыптарға сай дебат ойнап, жастарымыз өздерінің құқықтық сауаттылықтарын жоғары дәрежеде көрсете білді».

Әли Құранбек,

студент: 

blank

«Мен Тараз қаласының тумасымын. Университеттің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының І – ші курс білім алушысымын. Пікірталасқа қатысып үздік спикер атанып тұрмын. Студенттердің құқықтық сауаттылықтарының жоғары болуы – аса маңызды деп ойлаймын».

Ділназ Асылбекқызы,

студент:

blank

«Екі шет тілі мамандығының ІІ курс студентімін. Орал қаласынан келіп білім алудамын. Пікірталас турнирі өте жоғары деңгейде өтті. Жастар өз пікірлерін еркін айтып, өздерінің заң үстемдіктерін қолдайтындықтарын білдірді. Бұл іс – шара бізге үлкен тәжірибе әкелді деп есептеймін».

Пікірсайыс алаңына қатысқан студенттердің жүздері жарқын, көңілдері көтеріңкі.

blank blank blank blank blank blank

Белсенді жастарға университет проректоры Аслан Еділханұлы ризашылығын білдіріп, диплом және алғыс хаттармен марапаттады.

  Мұрат Жүнісұлы

                Суреттерді түсірген — автор 

                                                                                                 Арқалық қаласы