Еуразиялық банк Рудный балалар үйіне қолдау көрсетті

Еуразиялық банк Рудный балалар үйіне қолдау көрсетті

Еуразиялық банк Рудный қаласындағы балалар үйіне демеушілік көмек көрсетіп, мекемеге түрлі-түсті лазерлік принтер сыйға тартты. Жаңа техника қызметкерлерге оқу материалдарын дайындауға, құжаттарды рәсімдеуге, сондай-ақ тәрбиеленушілерге арналған шығармашылық және білім беру іс-шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Өскелең ұрпаққа қамқорлық жасау және әлеуметтік мекемелерді қолдау банк қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Заманауи жабдық күнделікті жұмыстың тиімділігін арттырып қана қоймай, балалар үйіндегі түрлі жобалар мен бастамаларды жүзеге асыруға қосымша жол ашады.

Еуразиялық банк білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала ұйымдарын қолдауға бағытталған жобаларға белсенді қатысып, өңірлердің дамуына және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға өз үлесін қосып келеді.

Еуразиялық банк – Қазақстанның актив көлемі бойынша ең ірі он банкінің қатарына кіретін әлеуметтік маңызы бар коммерциялық банк. Банк автонесиелеу мен бөлшек бизнес саласында жетекші орындарға ие және корпоративтік әрі шағын және орта бизнес клиенттеріне қаржылық қызметтердің кең спектрін ұсынады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту бойынша ҚР агенттігі «Еуразиялық банк» АҚ-на 2020 жылғы 3 ақпанда №1.2.68/242/40 лицензия берді.