Қостанай спортына тағы бір алтын медаль! Қазақстан қоржынына жарқын жеңіс!
Ақтау қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан өткен Азия кубогында Қостанай облысының намысын қорғаған Самалай Ерғалиева жоғары шеберлік танытып, қарсыластарынан басым түсті.
Нәтижесінде, спортшымыз 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сәтті белдесулер өткізіп, жарыстың алтын медалін жеңіп алды!

Бұл жеңіс — тынымсыз еңбектің, табандылықтың, темірдей тәртіп пен жеңіске деген жігердің жемісі. Татамиде өзінің шеберлігі мен қайсар мінезін дәлелдеген Самалай ел мерейін үстем етіп, Қостанай спортының абыройын асқақтатты!
