Тұрсынай Қабыл – Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері

Тұрсынай Қабыл – Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері

Қостанайлық спортшы Тұрсынай Қабыл Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтингтен күміс медаль жеңіп алды!

41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз үш мүмкіндігінде де нәтижелі өнер көрсетіп, 100, 102 және 104 келіні сәтті бағындырды.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жерлесімізді айтулы жетістігімен құттықтап, Тұрсынай мен оның бапкерлеріне алдағы жарыстарда толағай табыс пен жаңа жеңістер тіледі.

«Жағымды жаңалық! Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтингтен күміс жүлдегер атанған жерлесіміз Тұрсынай Қабылды @tursynaykabyl шын жүректен құттықтаймын! 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Қазақстан құрамасының спортшысы алғашқы сында 100 келіні, екінші мүмкіндігінде 102 келіні, ал үшінші сайыста 104 келіні сәтті көтеріп, екінші орынға ие болды. Тұрсынайға және бапкерлерге алдағы жарыстарда жаңа жетістіктер мен толағай табыс тілеймін!», – деді Құмар Ақсақалов.