Республика күніне орай Қостанай облысында 17–27 қазан аралығында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде.
Науқан аясында тұтынушыларға азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың кең таңдауы жеңілдетілген бағамен ұсынылады. Мерекелік жеңілдіктердің негізгі кезеңі 21–27 қазан аралығына жоспарланған. Осы күндері сауда орындарында арнайы бағалық ұсыныстар мен түрлі жеңілдіктер қарастырылған.
Жалпыреспубликалық акцияларды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастыруда.
Науқанның басты мақсаты – халық үшін қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау және ішкі сауданы дамыту. Сонымен қатар отандық өндірушілердің өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге басымдық беріледі.
Қостанай облысында акцияларға қатысатын сауда нысандарының толық тізімі мен мекенжайларымен төменде танысуға болады.
