Дала Фениксі. Қазақстан киелі тұмарын ажал алдынан алып қалды

Дала Фениксі. Қазақстан киелі тұмарын ажал алдынан алып қалды

Қазақстан дүниежүзілік табиғатты қорғау тарихына алтын әріппен жазылатын теңдессіз экологиялық серпіліс жасады. Еліміздегі ақбөкен саны таңғаларлық көрсеткіш 4,7 миллион басқа жетті.
Бүгінде ата-бабамыздан қалған ұлан-ғайыр далада, мұз дәуірінен аман өтіп, мамонттармен замандас болған, дала экожүйесінің басты сәулетшісі, ежелгі жануарымыз, әлемдік популяциясының 98% астамы көсіліп жүр.

Дана халқымызда «Киіктің киесі бар», «Жері байдың, елі бай» деген аталы сөз бар. 2003 жылы Қазақстанда небәрі 21 мың ақбөкен қалған еді, толық жойылудың сәл-пәл алдында тұрды. Киік Ұлы Даланың бойтұмары, біздің тірлігіміз бен тарихымыздың тірі куәсі емес пе? Жойылып кету алдында тұрған теңдессіз асыл қазынамызды сақтап қалу бабалар аманатына адалдық.

Бұл, сөзсіз, тарихи нәтижеге жетуде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен қолға алынған жалпыұлттық экологиялық реформа шешуші рөл атқарды. Президенттің эко-саясаты даламызды қайта жандандырды.
Осы сабырлы саясат жаһандық деңгейде мойындалып, халықаралық мінберлерде (соның ішінде БҰҰ және CITES саммиттерінде) Қазақстанның бұл кейсі XXI ғасырдағы ең сәтті экологиялық ренессанс тарихы ретінде аталып өтуде. Күні кеше Ереванда өткен COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммитінде де Қазақстанның киік популяциясын қалпына келтірудегі жетістігіне ерекше тоқталды.
blank
«Ақсақ киік жолықса, аяушы едік, Жетім қалған құралай-ай…», – деп бабамыз әнге қосқан, Дала еркесі, ақ киігіміз бүгін өз үйінде еркін көсіліп жүр! Бұл жай ғана статистика емес, бұл экологиялық болсын, адами болсын жеңіс, табиғат алдындағы перзенттік парызымыздың өтелуі.
Даламыз сәнінен, киігіміз киесінен айырылмасын!