Бұл мәселе Ереванда Қазақстан мен Армения өкілдерінің кездесуінде талқыланды. Нақты шешім әзіргеқабылданған жоқ. Бұл туралы Экология министрлігі мәлім етті деп хабарлайды kaz.inform.kz.
Тазалыққа бастар жол: Жаркөл жастары экоквестке қатысты
Федоров ауданында «Тәуелсіздік» алаңында аудандық «Достық керуені» фестивалі мен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында оқушылар мен жастарға арналған экологиялық квест өтті.
Экопаркте веложол болмайды: тұрғындардың пікірі ескерілді
Қостанай ауданындағы жаңа экопарктің құрылысы аяқталуға жақын. Ресми ашылуы әлі алда болғанымен, қоғамдық кеңістік тұрғындардың сүйікті демалыс орнына айналып үлгерді. Бүгінде саябаққа күн сайын мыңдаған адам келеді.
«Қоқиқаздар үшін 40 млн текше метр су: Қорғалжынға тіршілік қайта оралуда»
Қызғылт қанатты қоқиқаздардың табиғи мекенін сақтап қалу үшін Қорғалжын қорығына 40 миллион текше метр су жіберілді.
Торғай даласындағы кертағылар құлындады
Торғай даласына жерсіндірілген кертағының тұқымы көбейе түсті. Екі бие жақында ғана өмірге ақ танау құлындар әкелді. Қазір төлдердің де, енелерінің де жағдайы үздіксіз бақыланып отыр.
Тазалыққа талпынған ел – табиғатты аялайтын ел
Бүгін Қостанайда «Таза жағалау» республикалық экологиялық акциясы аясында Гагарин бөгеті маңында тазалық жұмыстары өтіп жатыр.
Қостанай ауданында эко-саябақ ашылмақ
Қостанай облысында отбасылық демалыс орындарының қатары көбеюде. Серуендеп, сейіл құрар кеңістіктердің сапына жуырда тағы бірнешеуі қосылмақ. Соның бірі – Қостанай ауданындағы эко-саябақ.
Жастар арасындағы экологиялық слет
Лисаковта өткен ауқымды экологиялық слет жастарды табиғатты қорғауға және өңірдегі өзекті мәселелерді шешуге жұмылдырды. «Алый парус» базасында бас қосқан 80-ге жуық ерікті мен жастар ұйымдарының өкілдері өз аудандарындағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша тың идеяларын ортаға салды.
Экологиялық слет: жастар күші — жаңа бастамаларға
Қостанай облысында жастар мен волонтерлердің экологиялық мәдениетін арттыруға және азаматтық белсенділігін күшейтуге бағытталған облыстық экологиялық слет басталды.
«Мөлдір бұлақ»: Қостанай облысында табиғи су көздері тазартылды
Табиғатты қорғау үлкен бастамалардан емес, әр азаматтың нақты ісінен басталады. Бейімбет Майлин ауданындағы Жабағы батыр бұлағында өткен «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы осының жарқын көрінісі болды. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған игі іске мемлекеттік қызметкерлер, сала мамандары, еріктілер мен ауыл тұрғындары бір кісідей атсалысты.
