Бүгін халықаралық ілбіс күні. Елде ілбістердің тіршілігін зерттеу Зоология институтымен бірлесіп жүргізіледі, деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі.
Іле Алатауындағы 50-ден астам фототұзақ оларды табиғи ортада бақылауға мүмкіндік береді.
Ал 2023 жылдан бері парк аумағында төрт ілбіске тағылған спутниктік қарғыбаулар жануарлардың қозғалысы мен маусымдық қоныс ауыстыруы туралы құнды мәліметтер береді.
