Айчи-Нагоя Азия Пара ойындарында пневматикалық винтовкадан 10 метр қашықтыққа нысана көздеуден R1 дисциплинасында Еркін Ғаббасов 249.1 ұпай жинап, чемпион атанды.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ол жарыстың рекордын орнатып, Лос-Анджелес-2028 Паралимпиада ойындарына жолдама алған.

Екінші орынды Корея елінің спортшысы Парк Джинхо(248 ұпай), үшінші орынды Ли Джанхо(226 ұпай) алды.
Айта кетейік, бұған дейін Еркін Габбасов Парарлимпиада ойындарында пара нысана көздеуден күміс медальді жеңіп алды.
