Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталды.
Марапаттау рәсімі елордада өткен халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайы кезінде өтті.
«Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ вице-президенті Шерубай Құрманбайұлы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын иеленді. Осы ұйымның орталық кеңесінің мүшесі Сауытбек Абдрахмановқа «Ел бірлігі» ордені табыс етілді.»Құрмет»орденімен де әр сала мамандары ардақталды.
Ал жерлестеріміз – «Qostanai TV» телеарнасының редакторы Анель Пимичева және музыкант, әнші Александр Фролов «Шапағат» медалімен марапатталды.
