Арқалықтық Биекиндер әулеті ел мақтанышы атанды

Арқалықтық Биекиндер әулеті ел мақтанышы атанды

Елорда төрінде өткен «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауында Қостанай облысының атынан қатысқан Биекиндер отбасы еліміздің ең өнегелі 20 отбасының қатарынан көрініп, ұлттық байқаудың жеңімпазы атанды.

Бұл – бір әулеттің ғана емес, тұтас Тобыл — Торғай өңірінің ортақ мақтанышы. Арқалықтың мерейі үстем болып, Қостанай облысының абыройы асқақтады.

Биекіндер әулеті – еңбек пен тәрбиені, парасат пен адамгершілікті ұрпақтан ұрпаққа жалғаған өнегелі шаңырақ.

blank

blank

Әулет отағасы – елдің сыйлы ақсақалдарының бірі, еңбек ардагері Қапар Шайсұлтанұлы мен жұбайы, аяулы ана Жұлдызай Досымханқызы 4 бала тәрбиелеп, бүгінде 14 немере мен 1 шөберенің қызығын көріп отыр.

blank

Әулеттің кейінгі буыны білім беру, экономика және мемлекеттік қызмет салаларында табысты еңбек етіп, отбасылық құндылықтарды лайықты жалғастыруда.

blank    blank blank  Салтанатты рәсімде жеңімпаздарды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев құттықтап, арнайы естелік мүсінше мен 2 миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Мұрат Жүнісұлы