Әлем чемпионатының қола жүлдегері: қостанайлық Гүлмайра Сағиданова халықаралық аренада топ жарды

Әлем чемпионатының қола жүлдегері: қостанайлық Гүлмайра Сағиданова халықаралық аренада топ жарды

Облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №41 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Гүлмайра Оразовна Сағиданова самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды!

Ташкент қаласында өткен самбодан 50-ші әлем чемпионатында әлемнің 101 елінен келген үздік спортшылар бақ сынады.

Байрақты бәсекеде 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Гүлмайра жоғары дайындық деңгейін, қайсар мінезі мен спорттық шеберлігін көрсетіп, жүлделі үшінші орынға қол жеткізді.

Әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғап, тұғыр биігінен көріну – үлкен еңбектің, үздіксіз ізденіс пен табандылықтың нәтижесі. Гүлмайраның бұл жеңісі тек жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар өзі қызмет ететін мекеме ұжымы үшін де зор мақтаныш.

Қызмет пен спортты қатар алып жүрген әріптесіміздің халықаралық аренадағы жетістігі – жігер мен жігерлі еңбектің жарқын үлгісі.