Ақын, жазушы, драматург, көсемсөз шебері Ақылбек Шаяхметтің 75 жас мерейтойы Қостанай төрінде түйінделді. Көрікті кеш Жастар сарайында өтіп, ардақты тұлғаға мейлінше құрмет көрсетілді. Жеңіл автокөлік сыйға тартылып, төсбелгімен марапатталды.
Төркіндеу сапарының түйіні — қаламгердің шығармашылық кеші
Қостанайда қоғам қайраткері, ақын-жазушы, аудармашы, «Алаш» сыйлығының, «Парасат» орденінің иегері Камал Әлпейісованың «Ақша бұлттай әлемі» атты шығармашылық кеші өтті.
Ахаңның әдіснамалық сабақтары
Биыл қазақ руханияты үшін орны бөлек еңбек – «Әдебиет танытқыш» жинағының жарық көргеніне 100 жыл толып отыр. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы жазған бұл еңбек қазақ әдебиеттануының, тұтас ұлттық ғылымның негізін қалаған туынды десек артық емес. Ғасыр бұрын жазылған «Әдебиет танытқыш» бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Керісінше, оның ғылыми жүйесі, әдіснамалық ұстанымдары қазіргі әдебиеттану мен тіл […]
Облыстық кітапханада Оразалы Жақсановтың мерейтойына арналған кездесу кеші өтті
Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР Мәдениет қайраткері, ҚР Журналистер одағының және Жазушылар одағының мүшесі Оразалы Жақсановтың 70 жас мерейтойына арналған «Журналист – ізденістің адамы» атты кездесу ұйымдастырылды. Тағылымды іс-шараға ұстаздар, студенттер мен арнайы қонақтар қатысып, журналистика саласына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаға құрмет көрсетті.
Бақытжан Нарымбетов: «Бұл дода — ұстаз бен шәкірттің ортақ жеңісі»
Өңір руханиятындағы айтулы оқиға — «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасы аясында «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқу байқауы қорытындыланған еді.
«Тағдырлы тұлға…». Қасым Тоғызақов рухына тағзым
Меңдіқара ауданында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын әрі аудармашы Қасым Тоғызақовтың 116 жылдығына арналған «Тағдырлы тұлға…» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымды басқосу Боровской ауылындағы «Юбилейный» мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Конференцияны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өткізді.
Ғазиз АХМЕТ: «Жат ағымдардың бұрынғыдай қауқары жоқ»
Таяуда Қостанайға елордадағы әл-Фараби мешітінің найб имамы, теолог, ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Ғазиз Ахмет рухани сапармен келген еді. Жергілікті жастармен, жалпы жамағатпен жүздесіп, тағылымды жиындар өткізді. Орайын тауып, құрметті мейманды оңаша сұхбатқа тарттық.
«Тұлпар мініп, ту алған»: жеңімпазға – жолдама, тәлімгерге – темір тұлпар!
Ақжолтай жоба аясындағы «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқу сайысы мәреге жетіп, жеңімпаз бен жүлдегерлер марапатталды.
Қостанайда «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасының қорытынды сайысы өтіп жатыр
Бүгін Қостанайдағы I-QOSTANAY балаларға арналған SMART-орталығында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық жобасы аясында ұйымдастырылған «Алпамыс батыр жыры» облыстық байқауы өтіп жатыр.
Жаңа белеске бастайтын Жарлық: Кітап оқитын ұлт қалыптастыру бастамасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Қоғамда осы бастаманы қуана қабылдаған зиялы қауым өкілдері әлеуметтік желіде ой-пікірлерін бөлісуде.
