Бүгінде Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге қызмет көрсететін 300-ден астам кітапхана жұмыс істейді. Кітапханалардың қорында 7 миллионнан астам кітап жинақталған. Ал тұрақты оқырмандар саны 1,7 миллионнан асады.
Кітапханалардағы оқырман сұранысы балалар әдебиетіне деген қызығушылықтың жылдан-жылға артып келе жатқанын аңғартады. Жас оқырмандардың сүйіп оқитын шығармалары мыналар:

«Жусан иісі» – Сайын Мұратбеков;

«Әке мен бала» – Ыбырай Алтынсарин;

«Балалық шаққа саяхат» – Бердібек Соқпақбаев;

«Көксерек» – Мұхтар Әуезов.
2026 жылы кітапханалар қорын балалар мен жасөспірімдерге арналған 42 мың жаңа кітаппен толықтыру жоспарланып отыр. Бұл жас оқырмандар үшін қазіргі заманғы және классикалық әдебиетпен кеңірек танысуға мүмкіндік береді.
Балалар әдебиетіне деген қызығушылық кітапханалармен ғана шектелмейді. Жыл басынан бері кітап дүкендерінде балаларға арналған 200 мыңнан астам кітап сатылды.
Кітап оқу баланың ой-өрісін кеңейтейді, сыни ойлау қабілетін дамытады, таным көкжиегін байытады, әрі ұлттық және әлем әдебиетіне қызығушылығын арттырады. Сондықтан кітап оқуға құштар ұрпақ тәрбиелеу – елдің зияткерлік әрі рухани әлеуетін нығайтудың маңызды тетіктерінің бірі.
