Еңбек қауіпсіздігі мен өңірлердегі лайықты өмір: «Әділет» партиясы Қостанай облысында бірқатар кездесу өткізді

Еңбек қауіпсіздігі мен өңірлердегі лайықты өмір: «Әділет» партиясы Қостанай облысында бірқатар кездесу өткізді

«Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Қостанай облысындағы еңбек ұжымдарымен кездесті. Атап айтқанда, Құрылтай депутаттығына кандидаттар Қостанай қаласындағы «KIA Qazaqstan» және «Милх» зауыттарына, сондай-ақ, Рудныйдағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі мен «Қазогнеупор 2015» компанияларына барды.

Партияның «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасын таныстырған кандидаттар бұл құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың стратегиялық курсы мен жаңа Конституцияның негізгі қағидатитарына сай келетінін ерекше атап өтті.

«KIA Qazaqstan» зауытына барған кандидаттар отандық авторпром мен ел ішіндегі өндірістік жүйені одан әрі дамытудың болашағын талқылады.

Партия төрағасының орынбасары Қаныш Тілеушиннің айтуынша, «Әділетті болашақ үшін» бағдарламасы экономиканы шикізаттық үлестен терең өңдеу мен өнімді жоғары қосымша құнымен өндіруге қарай бет алуды көздейді. Ал партия өкілдері экономиканы осы бағытқа ауыстыру Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру мен отандық өндірісті күшейтуге бағытталған міндеттеріне сай келеді дейді.

Ал Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне барған кандидат Асхат Аймағамбетов жұмысшылардың құқығын қорғауға қатысты партия ұсыныстарын таныстырды. Ол ұсыныстардың арасында жазатайым оқиғаларды тергеудің ашықтығын қамтамасыз ету, өндірісте жарақат алған жұмысшыларға қосымша кепілдік ұсыну, медицициналық скринингтен өту үшін ақысы төленетін демалыс беру, жалақы төлеуде дискриминацияға жол бермеу бастамалары бар.

Партия өкілдері атап өткендей, инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы дамытпай өнеркәсіпті дамыту мүмкін емес. Сондықтан, партияның «Әділетті Қазақстан үшін» атты бағдарламасында инженерлік желілерді жаңғырту, мектеп, емхана мен спорт нысандарын салу, сондай-ақ жұмыста кәсіби өсуге мүмкіндік беру шаралары көзделген.

«Біз үшін ең бастысы – жұмыс орындары, еңбек қауіпсіздігі мен өмір сапасын жақсарту. Өнеркәсібі бар қалалардың мектебі мықты, медицинасы сапалы, инфрақұрылымы дамыған болу керек. Адамдар өз өңірінде де лайықты өмір сүріп, жұмыс істей алуы керек. Бұл бағыттардың бәрі партияның сайлауалды бағдарламасында бар», — деді Құрылтай депутаттығына кандидат Андрей Лаврентьев.

Кандидаттардың айтуынша, осы кездесулердегі жұмысшылардың айтқан ұсыныстары партияның өнеркәсіпті дамыту, еңбек құқықтарын қорғау, кадр даярлау мен өңірлердегі өмір сапасын жақсартуға қатысты алдағы жұмысына арқау болмақ.

blank

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Әділет» партиясының өкілдері Түркістан, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарына барып, сайлауалды бағдарламаны таныстырған еді.

Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н.Т. Мыңжасаров.