7 тамыздан бастап Қостанай облысының тұрғындары өздерінің сайлау учаскесі туралы ақпаратты бірнеше жолмен тексере алады.
Ол үшін жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында іске қосылатын арнайы сервисті пайдалануға болады. Сайлаушы өзінің ЖСН-ін енгізу арқылы сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан жері туралы ақпарат алады.
Сонымен қатар сайлау учаскесін бірыңғай **1315** нөмірі арқылы анықтауға мүмкіндік бар. Аумақтық сайлау комиссияларының интернет-ресурстарында колл-орталықтардың тізімі мен телефон нөмірлері де жарияланған.
Сайлаушыларға дауыс беруге дейін өз деректерін алдын ала тексеріп, қай учаскеге тіркелгенін анықтап алған жөн.
